Перуашев депутат Линниктің отставкаға кету себебі туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: parlam.kz

Мәжілісмен Азат Перуашев депутат Андрей Линниктің өкілетін тоқтату туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілісмен Азат Перуашев депутат Андрей Линниктің өкілетін тоқтату туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Азат Перуашевтің айтуынша, "Ақ жол" фракциясынан депутат болған Андрей Линник 2022 жылдың шілдесінде өтініш берген.

"Бұл туралы бәріне жазда айтқанбыз. Ол шілдеде өтініш берген. Ол - кәсіпкер, айтарлықтай табысты. Ол жұмыс істеген салада бизнесті кеңейту мүмкіндігі артты. Заң бойынша оның депутат ретінде кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы жоқ. Бірақ енді кәсібін кеңейтуге мүмкіндіктері бар", - деді депутат.

Реклама
Реклама

Перуашевтың айтуынша, Линник өз шешімі туралы алдын ала айтқан.

"Адал адам ретінде келіп: "Азеке, құрметтеймін, бағалаймын. Қазір менде компанияны жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік бар. Маған рұқсат етіңіз", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты Андрей Линниктің өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш бергені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама