23 қаңтар 2019 | 12:50

Перуашев Қазақстан атауын өзгертуді ұсынды

© Айнаш Өндіріс

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстан атауын өзгертуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстан атауын өзгертуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Депутаттық сауал елдің премьер-министріне жолданған. Перуашев 2020 жылы Қазақстан Республикасының КСРО құрамында қалыптасуына 100 жыл толатынын ескертіп, осы шараны лайықты деңгейде атап өтуге шақырды. 

Реклама
Реклама

"(...) Қазақстан атауын қолдану барысында елімізге ресми түрде Қазақ Республикасы атауы берілуі мәселесіне қайта оралуды ұсынамыз. Бұл бастаманы Нұрсұлтан Назарбаев бес жыл бұрын көтерген еді. Елбасының ұсынысын практикалық түрде жүзеге асыруға уақыт келді деп санаймыз. Әр затты өз атауымен атаған жөн, қараны - қара, ақты - ақ, қазақты - қазақ. Республикаға ежелден келе жатқан "Қазақ" атауын беру (мұны тоталитарлық билік те қолдаған) тарихи әділдікті орнатып, отандастарымыздың бірігуі мен достық қарым-қатынасты қалыптастыруға жаңа импульс береді", - деді Азат Перуашев. 

Кулуарда ол "Қазақ Республикасы" атауын сақталып қалған "Қазақстан" орнына қолдану керектігін айтты. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная