ПОДЕЛИТЬСЯ
22 қазан 2020 | 08:54
Петропавл әуежайы банкрот болады
СҚО әкімі Құмар Ақсақаловқа халықаралық әуежайдың бірнеше айдан бері жалақысыз отырған қызметкерлері жүгінген. Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, қарыз кезең-кезеңмен өтеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.news басылымына сілтеме жасап.

"Әуежай жақында банкрот процедурасынан жүргізеді және мемлекет меншігіне өтеді. Мұндай шара әуежайды және рейс санын сақтап қалуға көмектеседі", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Қызметкерлер жалақысын ала алмай отырған бірінші жағдай емес.
2016 жылғы желтоқсанда әуежайды қайта жөндеу жұмысы аяқталған. Содан соң терминал сағатына 200 адам қабылдай алатын болды.
Сол кезде жергілікті билік Ресей, Қытай, ЕуроОдақ елдерімен әуе тасымалын реттеп, Ресейге және алыс шетелге жаңа рейстер ашылатынын айтқан. Бірақ іс жүзінде олай болмады. Петропавлдан тек Нұр-Сұлтан мен Қазақстанның оңтүстігіне белгілі бір күндерде ғана рейс ұшты.
Бұл әуежай посткеңестік алаңдағы транзит әуежайлардың бірі болған және тәулігіне 40 рейске қызмет көрсетілген.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также