Петропавл әуежайы жабылуы мүмкін

viewings icon 682
comments icon 0

Петропавл әуежайынан көптеген ереже бұзушылық анықталды. Егер олар бір ай ішінде жойылмаса, әуежай жабылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Петропавл әуежайынан көптеген ереже бұзушылық анықталды. Егер олар бір ай ішінде жойылмаса, әуежай жабылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің мамандары 9-11 қыркүйек аралығында Петропавл халықаралық әуежайын тексерді.

Реклама
Реклама

ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру барысында мамандар әуе кеңістігін пайдалану және ұшуларды әуеайлақтық қамтамасыз ету, ұшуларды электржарықтехникалық қамтамасыз ету, ұшуларды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету бөлігінде авиация қызметі туралы заңнама талаптарының бұзылуын анықтады. 

"Тексеру аяқталған күннен бастап бір ай ішінде заңбұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы инспекторлық нұсқама берілді", - деді комитеттегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная