02 қазан 2023 16:31

Петропавл мектебінде оқушыларға балтамен шабуыл жасау оқиғасы: іс сотқа жетті

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото әлеуметтік желіден

Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа Петропавлдағы мектепте балаларға балтамен шабуыл жасаған оқушыға қатысты іс түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа Петропавлдағы мектепте балаларға балтамен шабуыл жасаған оқушыға қатысты іс түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы сотының баспасөз қызметі мәліметінше, іс материалдары қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 2023 жылдың 2 қазанында келіп түскен. Басты сот отырысының күні әлі белгіленген жоқ.

Реклама
Реклама

Петропавловск.news мәліметінше, атышулы іске қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің басшысы Айдын Кабдулдинов оқиғаның мән-жайын айтқан брифинг барысында белгілі болды.

"Алғашқы күндерден бастап күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторында. Қылмыстық іс бойынша барлық қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді, барлық сараптамалар нәтижесі тағайындалды және алынды. Сараптама нәтижелері бойынша күдікті адам сотқа келуі мүмкін. Осыған байланысты оның іс-әрекеттері "Кісі өлтіруге оқталу" бойынша сараланды", - деді Солтүстік Қазақстанның бас полицейі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram