07 тамыз 2020 09:36

Петропавл тұрғындары ауыл шіркеуінде үйлену тойын өткізген

Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл тұрғындары ауыл шіркеуінде отбасылық мереке өткізген, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл тұрғындары ауыл шіркеуінде отбасылық мереке өткізген, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Портал мәліметінше, 5 тамызда Қызылжар ауданының Архангельское аулында үйлену тойын өткізу дерегі анықталды.

Реклама
Реклама

Ауылдық округтің әкімі учаскелік полиция инспекторына телефон шалып, жергілікті шіркеу аумағында адамдар мен көліктердің жиналғанын айтты. Ол Солтүстік Қазақстан облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес ұйымдастырушыларға мерекені өткізуге жол бермеу туралы ескерткен. Бірақ оның ескертуі еленбеді. Мониторинг жүргізетін топ пен полиция қызметкерлері келген кезде мереке жалғасып, шіркеу аумағында қонақтар мен көліктер болды.

Ресми үйлену тойынан кейін Петропавл қаласының тұрғындары үйлену рәсімін және одан әрі тойлауды Қызылжар облысының Архангельское аулында өткізуді ұйғарған. Мерекелік той фото және бейнежазбаға түсірілген.

Учаскелік полиция инспекторы Ерлан Башенов жергілікті шіркеудің дін қызметкері мен іс-шараны ұйымдастырушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу" бойынша әкімшілік материалдар жинады. Шешім қабылдау үшін материал Қызылжар аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздігі бөліміне жіберілді.

Қызылжар ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Жәнібек Мұхамадиевтің айтуынша, бұл аудандағы төртінші оқиға болып отыр, адамдар мұндай мерекелер коронавирустық инфекцияның таралуына ықпал ететінін ойламастан карантин шараларын бұзады.

"Ауданда карантиндік іс-шаралар кезінде құрылған мониторинг жүргізетін топ белсенді жұмыс істеуде, оның құрамына прокуратура, әкімдік, полиция қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық мамандар кіреді. Аудан тұрғындарымен бірлесе отыра, түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді полиция майоры.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram