ПОДЕЛИТЬСЯ
07 маусым 2023 | 11:46
Петропавл тұрғыны "қалжыңы" үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды
Петропавл тұрғыны ChatRoulette танымал видео-чатында "қалжыңдағаны үшін" үш жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Petropavlovsk.news сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Петропавл тұрғыны ChatRoulette танымал видео-чатында "қалжыңдағаны үшін" үш жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Petropavlovsk.news сайтына сілтеме жасап.
Татьяна Петропавлдағы балабақшалардың бірінде аспазшы болып жұмыс істейді. 1-топтағы мүгедек күйеуіне көмектесіп, 13 жастағы қыз тәрбиелеп отыр.
2021 жылдың 6 қыркүйегінде кешке әйел үй шаруасымен айналысып, демалғысы келген. Ол туысқан әпкесімен кездесіп, қосымшадағы чатқа кірген. Өзге мемлекеттің адамдармен танысып, сөйлескісі келген.
Қосымша оларды сауалнамаға қатысуды ұсынып, белгісіз ер адаммен байланыстырған. Сауалнамадан кейін бейтаныс адам әңгімесін аяқтағысы келген. Бірақ Татьянаның әпкесі: "Сен қай жақтансың" деген сұрақ қойды. Ер адам Ресейден екенін айтты. Осыдан кейін Татьяна оған: "Петропавлды өздеріңізге қосып алыңыздаршы. Солтүстік Қазақстан облысы мен Қырым секілді", - деп өтініш білдірді.
Сол күні ер адам YouTube-те Татьяна қатысқан бір жарым минуттық жазбаны жариялады.
Бұл іс бойынша тергеу 2023 жылдың қаңтарында басталғаны хабарланды. Бейнежазбаға жүргізілген сот психологиялық-филологиялық сараптама нәтижесінде Татьяна С.-ның мәлімдемелері "азаматтық және саяси мінез-құлықтың конституцияға қарсы түрін насихаттайтынын" көрсетті. Сотталушы өз кінәсін мойындады. Әйел адам талқыланған әңгіменің қоғамдық дау туғызатынын білмегенін қайта-қайта айтқан.
Әйелдің айтуынша, одан видеоға түсіріп, оны жариялауға ешкім рұқсат алмаған. Алайда сот бұл уәждерді сынға алмай, Татьяна Қазақстанның тұтастығын бұзуды ашық насихаттады деген қорытындыға келді. Себебі әлеуметтік желіде психологиялық тұрғыда әсер ететін сөздер айтылады және қоғамда пікір қалыптасып қалады.
Жағдайының күрделігіне байланысты сот 40 жастағы Татьяна С-ға жеңілірек жаза тағайындады. Татьяна кем дегенде 5 жылдың орнына 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Баланы қарау үшін қамқорлық және қорғау қызмет атқарушы органдарына берілді. Мүгедек күйеуін енді әлеуметтік қызметкер қарайтын болады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также