ПОДЕЛИТЬСЯ
21 ақпан 2023 | 14:38
Петропавлда бақылаусыз жалға берілген 1,5 мың пәтер анықталды
Антикор қызметкерлері Петропавлда әкімдікке тиесілі, бірақ бақылаусыз жалға берілген 1500 пәтерді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Петропавловск news" басалымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Антикор қызметкерлері Петропавлда әкімдікке тиесілі, бірақ бақылаусыз жалға берілген 1500 пәтерді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Петропавловск news" басалымына сілтеме жасап.
СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тұрғын үй секторында бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар екенін анықтаған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы Сергей Перовтың айтуынша, пәтерлер қала әкімдігінің балансында болған, бірақ оларға ешқандай құжат болмаған. Бұл ретте тұрғын үйлер заңсыз жалға берілген.
"Шын мәнінде пәтерлер иесіз болған. Бұл жағдай Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміндегі кадрлардың көп ауысуына байланысты туындаған болуы мүмкін. Қазіргі қала басшылығы бұл пәтерлердің бар-жоғын білмеген де. Біздің мамандар пәтерлерді аралап шықты. Олардың көпшілігінде жалдау ақысын төлемеген бейтаныс адамдар келісім-шартсыз өмір сүрген", - деп түсіндірді Сергей Перов.
Қазір оның айтуынша, бұл баспанаға толық сараптама жасалған. Заңсыз тұрып жатқан адамдар шығарылып, мұқтаж азаматтарға орналастырылады.
Заң талаптарына және тұрғын үй комиссиясын бөлу процесіне сәйкес келмейді. Кезек тәртібі бұзылған. Антикор жетім балалар санатындағы азаматтарды себепсіз баспанаға мұқтаждар тізімінен шығарудың 1360 дерегін анықтаған. Кезекте тұрмаған тұлғаларға пәтер берудің 70 дерегі тіркелген.
Перов бүгінде баспанаға мұқтаждар тізімінен шығып қалған азаматтардың барлығы кезекке қойылғанын түсіндірді. Антикордың ұсынысы бойынша өңірлер заң негізінде жалдамалы пәтерлерді бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарына, оның ішінде жетім балалар, батыр аналар және көп балалы отбасыларға бөлуді бастады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также