09 маусым 2020 | 14:06

Петропавлда балабақшада коронавирус анықталды

Петропавлда балабақша 14 күнге карантинге жабылды. Үш жасар баладан COVID-19 анықталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Петропавлда балабақша 14 күнге карантинге жабылды. Үш жасар баладан COVID-19 анықталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар брифингінде белгілі болды.

Реклама
Реклама

"Байланыста болған адамдар анықталды. 23 жақын адам анықталды, бір топтан 18 адамнан анықталды. 13 адам - сол балабақшаның қызметкері. Барлығынан сараптама алынды. Коронавирустың алдын алу мақсатында балабақша қызметі уақытша 14 күнге тоқтатылды", - деді Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Әсет Жұматаев.

Оның айтуынша, 3 жасар бала коронавирус жұқтырған ересек адаммен байланыста болған. Ер адам 25-30 мамыр аралығында Солтүстік Қазақстан облысынан басқа аумаққа барған. Қалаға келген соң өзін нашар сезініп, дене қызуы жоғарылаған. Сараптама коронавирус барын көрсеткен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная