Петропавлда бір отбасыдағы үш адам өлі табылды

Фото: polisia.kz

Петропавлдағы Жұмысшылар ауылында үш кісі өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап.

Петропавлдағы Жұмысшылар ауылында үш кісі өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап.

Бейресми мәлімет бойынша, 28 желтоқсанда үйлердің бірінен үш адамның мәйіті табылған: ер адам, әйел және олардың кәмелетке толмаған ұлы.

Жанұяның жерлеу қызметіне байланысты кәсібі болған.

Реклама
Реклама

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жантүршігерлік қылмысқа күдіктілер ізін суытпай ұсталғанын хабарлады.

"Полицейлер Петропавлдың екі тұрғынын жедел анықтап, ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық, жан-жақты және объектив зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Факт ҚР ҚК-ның 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама