12 сәуір 2024 | 16:05

Петропавлда электр желісінің тіректері құлады: тұрғындар сусыз қалды

Фото ©️ Tengrinews.kz

Петропавл тұрғындары сусыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Петропавл тұрғындары сусыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Редакцияға Петропавл тұрғындары сусыз әрі жарықсыз қалғанын айтып шағымданды. Олардың айтуынша, қазір электр жарығы қалпына келтірілген, алайда су жоқ. Тұрғындар дүкендердегі суды жаппай сатып алып жатыр.

Тұрғындар ұсынған сурет

Реклама
Реклама

Бұған қатысты қала әкімі Серік Мұхамедиев пікір білдірді.

"Құрметті тұрғындар! Кеше түнде бізге көп су келді. Прибрежныйда төрт тәуелсіз электр желісімен жұмыс істейтін бірінші көтергіш сорғы станциясында мұз массасы бағаналарды зақымдады. Соның салдарынан қалаға су беру шектеліп отыр. СКРЭК жедел тобы оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Жұмысты 4 сағат ішінде аяқтау жоспарланып жатыр. Тыныштық сақтаңыздар. Тек ресми ақпарат көздеріне сеніңіз. Барлық әлеуметтік нысан мен қала тұрғынын сумен қамту ұйымдастырылады", - деп жауап берді қала әкімі.

"Қызылжар су" ЖШС атқарушы директоры Арман Сауытовтың айтуынша, қаланың барлық әлеуметтік нысанына су тарту жұмыстары ұйымдастырылады.

Бұған байланысты қала мектептеріндегі екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқыту форматына көшірілді.

"Екінші ауысымда қаладағы 35 мектепте 11 639 оқушы білім алып жатыр, олар қашықтан оқытуға көшірілді. Балабақшалар әдеттегідей сағат 15:00-ге дейін жұмыс істеп тұр. Ауызсумен қамтамасыз етілді, кейін олар басшылыққа алынады", - деп хабарлады облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

"Севказэнерго" АҚ баспасөз қызметі апаттық-қалпына келтіру топтары жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная