ПОДЕЛИТЬСЯ
24 сәуір 2024 | 09:25
Петропавлда ер адамның үстіне қабырға құлап қаза болды
Петропавлда жеке үйді бұзу кезінде ер адамды қабырға басып қалып, мерт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Петропавлда жеке үйді бұзу кезінде ер адамды қабырға басып қалып, мерт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға 23 сәуірде түс ауа болған. Ер адамның үстіне бұзылып жатқан қабырға құлаған.
"23 сәуірде сағат 15:00-де Петропавлдағы Партизанская көшесінде 49 жастағы ер адамды қабырға басып қалғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті, ол оқиға орнында қаза болды", - деп түсіндірді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның баспасөз хатшысы Мәдина Ерғалиеваның айтуынша, бұл дерек "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также