18 қараша 2022 08:37

Петропавлда жарылыс болып, 9 адам зардап шекті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлдағы техникалық қызмет көрсету орталықтарының бірінде жарылыс болып, 9 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Petropavlovsk.news басылымына сілтеме жасап.


Петропавлдағы техникалық қызмет көрсету орталықтарының бірінде жарылыс болып, 9 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Petropavlovsk.news басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті 17 қарашада сағат 16:16-да Петропавл қаласы, Гашек көшесінде орналасқан ТҚО-ның бірінде жарылыс болғаны туралы ақпарат келіп түскен.

"Жеңіл көлікке орнатылған газ баллоны жарылған. 101 қызметіне сағат 16 кезінде шақырту түсті. Әртүрлі дене жарақатын алған 9 адам "Жедел жәрдем" көлігімен емдеу мекемелеріне жеткізілді. Оқиға орнына жедел жеткен өртсөндірушілер 100 шаршы метр аумаққа жайылған қызыл жалынды ауыздықтады. Тілсіз жаумен күреске облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 43 маманы мен 10 техникасы жұмылдырылды. Қаза тапқандар жоқ", - дейді Солтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети