21 қыркүйек 2022 | 09:47

Петропавлда жеңілдетілген бағдарламамен пәтер алғандар тоғыз айдан бері сусыз отыр

Дина Шарипханова Корреспондент

Петропавлда көпқабатты үйде 200-ге жуық пәтер тұрғындары тоғыз айдан бері ыстық сусыз отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі astanatv.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Петропавлда көпқабатты үйде 200-ге жуық пәтер тұрғындары тоғыз айдан бері ыстық сусыз отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі astanatv.kz сайтына сілтеме жасап.

Петропавлда 16 қабатты жаңа тұрғын үй кешені былтыр жыл аяғында пайдалануға берілген. Пәтер екі мемлекеттік бағдарлама –"Бақытты отбасы" және "Нұрлы жер" бойынша кезекте тұрғандарға үлестірілді. Алайда тұрғын үйлерде олқылықтар мен кемшіліктер көп ұзамай-ақ анықталған. Қабырғаларында жарықтар пайда болған, балкондары жабылмаған, бірақ, ең сорақысы, ыстық су жоқ.

"Кішкентай балаларымыз бар. Әзірге, бұл жерде тұру мүмкін емес. Ипотеканы төлеп жатқанымызға үшінші ай. Суды шәйнек, қазанмен жылытамыз. Соның кесірінен төлем де артады", - дейді тұрғын Айдана Жәнібекова.

Реклама
Реклама

Дәл осындай проблемалар қарама-қарсы үйде де байқалады. Екі үйді де бір компания салған, желілер жүргізген. Тұрғындар жеке шот ашқысы келген, бірақ мұны құрылысшы ​​ғана жасай алады.
 
Қалалық әкімдікте бұл үй мемлекеттік бағдарлама бойынша берілгенін айтады – оған адамдар қоныстанған. Қазір екі көпқабатты үй де қалалық ТКШ балансында болғанымен, су тапшылығы қала тұрғындарының өз мәселесі.

"Бұл үйге инженерлік желілерді тарту - барлық жұмыс аяқталды. Енді ыстық суды қосу үшін тұрғындар МИБ құруы керек. Осыдан кейін басқарушы компания болған кезде олар өз бетінше келісімшарт жасап, жеке шоттарын аша алады", - деді Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.

Үйлерді салған компания басшылығы сол тоғыз айда үйді ұстауға кеткен 12 миллионды өндіріп беру үшін қала әкімдігін сотқа берген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная