18 қазан 2022 10:02

Петропавлда ЖЭО қазандықтарынан шыққан дыбыс жұртты шошытты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Петропавловск.news

Петропавл тұрғындарын түнде шыққан дыбыстар шошытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавл тұрғындарын түнде шыққан дыбыстар шошытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Түнде Петропавл тұрғындары қатты шыққан дыбыстардан оянған. Ол бірнеше минуттық үзіліспен екі рет қайталанған. Оқиғаның себептері тұрғындар арасында түні бойы талқыланған. Оның ішіндегі ең танымал нұсқалар: әскери ұшақтардың дыбысы немесе тіпті өзге ғаламшарлықтардың. Дегенмен, жергілікті жылу электр орталығы жұмысына қатысты ойға қонымды нұсқаны ұсынғандар да болған.

Жылу орталығы әкімшілігі дыбыстар қазандықтардан шыққанын хабарлады. Жылу электр орталығындағы  мұржа опырылғаннан кейін күрделі жөндеу жүргізілген. Күрделі жөндеуден кейін жабдық тазартылады. Кеше төрт қазандық қысқа дайындалған екен.

Реклама
Реклама

"Қазандық қондырғыларында белгілі бір параметрлер жиналып, атмосфераға жоғары қысымымен және үлкен ағынмен бу шығарылады. Қазандықтардың бұл түрі үшін сағатына шамамен 200 тонна бу, сәйкесінше шамамен 50-60 келі қысыммен. Бу реактив күшке ие болады, әрине, дыбыс шығады. Біз қала тұрғындарына қорықпау үшін алдын ала хабарлаймыз", - деді Петропавл ЖЭО директоры Дмитрий Захаров.

Дереккөз: КТК

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram