29 мамыр 2020 | 10:05

Петропавлда қоғамдық көлік тоқтауы мүмкін

Петропалда қоғамдық көлік жүрмей қалуы мүмкін. Себебі қарбалас кезде автобусқа көп адам отырады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Петропалда қоғамдық көлік жүрмей қалуы мүмкін. Себебі қарбалас кезде автобусқа көп адам отырады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, қарбалас кезде қоғамдық көлікте отыратын орын жетпей қалады. Ал карантин ережелеріне сәйкес автобус жолаушылары отыру керек. Автобус жүргізушісінен неліктен ереже бұзылып жатыр деп сұрағанда, "мұны реттеу оңай емес" деген жауап қайтарған.

Реклама
Реклама

"Білмеймін. Енді қалай? Жолаушылармен өздеріңіз сөйлесіңіздер, айтады. Менің қандай қатысым бар? Мен оларға: "Біз ережені бұзып жатырмыз, көп айыппұл төлейміз... Ұрсады" десем, маған: "Біздің де баратын жеріміз бар" деп жауап береді", - дейді жүргізуші.

Күнделікті рейске 260 автобус шығады екен. Олардың көбі - кішкентай. Бағдардың ортасына келгенде отыратын орындар бос болмайды. Ал жолаушылар келесі автобусты күткісі келмейді, себебі оның да бос келетініне кепіл жоқ.

Шенеуніктердің рейс санын көбейтетін жоспары жоқ. Жүргізушілерге әзірге жаза тағылып жатқан жоқ, тек ескертеді. Ал, адамдарға үйден ертелеу шығыңдар деп жатыр.

"Үйден ерте шығуға болады. Пандемия кезінде Солтүстік Қазақстан облысы санитар дәрігерінің талаптарын орындауды сұраймыз. Егер жолаушылар талаптарды орындамаса, қоғамдық көлік тоқтатуы мүмкін", - деді Петропавл ТКШ бөлімінде сектор меңгерушісі Дастан Қазиев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная