Петропавлда көлік аялдамаға соқтығысып, төрт адам зардап шекті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Петропавл қаласындағы Панфилов көшесі бойында ВАЗ-2108 автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, аялдама павильонына соғылды. Бір ересек адам мен 3 оқушы зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"Жол апаты салдарынан 43 жастағы қала тұрғыны мен 2010 және 2015 жылдары туған үш кәмелетке толмаған бала зардап шекті. Төртеуі де түрлі жарақаттармен жедел жәрдем бригадаларымен қаланың медициналық мекемелеріне жатқызылды", - делінген хабарламада.

Медициналық куәландыру ВАЗ-2108 автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі мас болмағанын анықтады.

Реклама
Реклама

Жол апаты дерегі бойынша жиналған материалдар істің мән-жайын анықтау және процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавл қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне берілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама