ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қыркүйек 2022 | 08:52
Петропавлда тісі ауырған ер адам жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты
Петропавлда тісі ауырған ер адам жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Петропавлда тісі ауырған ер адам жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, 47 жастағы ер адам бес күн бойы тісі ауырса да шыдап, өзінше ем-дом жасаған. Бірақ ауру жазылғанның орнына асқына бастаған. Ақыры жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан, тіпті бір күннен кейін жағдайы тіптен нашарлап, есін жоғалтқан. Дәрігерлер науқасты аман алып қалу үшін кеуде қуысын тіліп, іріңді құрылғымен соруға мәжбүр болған.
"Ауыз қуысында ашық іріңді жара болған, оған қоса мойыны күп болып ісіп кеткен. Диагнозы - "медиастинит". Бұл, шын мәнінде, науқастың өміріне қауіп төндіретін өте күрделі асқыну. Бәрі қарапайым тісжегіден (кариес) басталған", - дейді Петропавл қалалық Көпсалалы жедел медициналық жәрдем ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Ерназар Әділшин.
Ерназар Әділшиннің айтуынша, 2022 жылы осындай диагноздан екі кісі өліп кеткен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также