Петропавлда ұлы ақындарға арналған ескерткішке мінгендер ұсталды

Фото: Polisia.kz

Петропавлда полицейлер ұлы ақындарға арналған ескерткішке мінген құқық бұзушыларды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Петропавлда полицейлер ұлы ақындарға арналған ескерткішке мінген құқық бұзушыларды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1 қаңтар күні кешке Тәуелсіздік стеласының маңындағы мұз қалашығында серуендеп жүрген қала тұрғындары жігіттердің қоғамдық тәртіпті бұзған әрекетін байқап қалған. Олар әйгілі Абай мен Пушкиннің ескерткішіне мініп суретке түсіп жатқан.

Куәгерлердің айтуынша, жастар бейәдеп сөздер айтып, мәдениетсіздігін көрсеткен. Жаяу жасақ оларды бейнебақылау инспекторларының көмегімен ұстады.

Реклама
Реклама

Оларға қатысты қоғамдық орында мас күйде болғандары және ұсақ бұзақылық үшін хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ біраз уақыт бұрын көрші елдердің бірінен Петропавлға келген жастардың үшеуінің де Қазақстан аумағында болу мерзімі аяқталғаны анықталды. Олар бұл бұзушылықтары үшін де әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама