ПОДЕЛИТЬСЯ
19 маусым 2024 | 14:34
Петропавлдағы ақша жымқыру ісі: Антикор видео көрсетті
Петропавлда әкімдікке ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Петропавлда әкімдікке ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Петропавл қаласының тұрғын үй қызметі" ЖШС басшысына қатысты соталды тергеуді жүргізіп жатыр.
"Лауазымды тұлға кәсіпкерлік субъектісімен алдын ала сөз байласу бойынша тұрғын үйлерді жылыту және сумен жабдықтау жүйелерін ағымдағы жөндеуге бөлінген 7,5 миллион теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктеліп отыр", - делінген хабарламада.
Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также