11 желтоқсан 2020 14:39

Петропавлдағы блокбекеттер алынады

Петропавлда шектеу шаралары жеңілдетілді. Бұл туралы аймақ басшысы Құмар Ақсақалов брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда шектеу шаралары жеңілдетілді. Бұл туралы аймақ басшысы Құмар Ақсақалов брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

14 желтоқсан сағат 00.00-ден бастап Петропавлда карантин режимі жеңілдетіледі. 

Реклама
Реклама

"Демалыс күндері Петропавлда қоғамдық көлік жұмыс істейді. Облыс ішіндегі автобус қатынасы жанданады. Кітапханалар, мұражайлар мен театрлар қайта ашылады. Діни нысандар жұмыс істей алады", - дейді СҚО әкімі.

500 шаршы метрден асатын сауда-ойын-сауық орталықтары мен азық-түлік емес дүкендер тек жексенбіде жұмысын тоқтатады. Бұрын олар демалыс күндері жұмыс істемеген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram