10 ақпан 2021 09:08

Петропавлдағы оқу орнының ректоры мейрамханаға кететін миллиондаған шығын туралы түсінік берді

Петропавлдағы Kozybayev University ректоры, басқарма төрағасы Ерлан Шұланов мейрамханадағы VIP-бөлмелерге кеткен миллиондаған шығын туралы түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлдағы Kozybayev University ректоры, басқарма төрағасы Ерлан Шұланов мейрамханадағы VIP-бөлмелерге кеткен миллиондаған шығын туралы түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шуланов бұрынғы ректор міндетін атқарушы Ербол Исақаевтың мейрамханадағы іс-шараларға қатысты шешімін болдырмай тастағанын хабарлады.

"Мейрамхана қызметі көрсетілген сатып алу жобасын биыл қаңтарда оқу орнының бұрынғы басшылығы қабылдаған. Қазір әріптестерім мені барлық құжатпен таныстырып жатыр. Мен бұрынғы ректор міндетін атқарушының мейрамханадағы іс-шараларға қатысты шешімін болдырмай тастадым. Ешқандай қажеттілік көріп тұрған жоқпын. Жалпы кейбір бұрынғы шешімді қарап шығуымыз керек, оның бәрі оқу орнының қызметіне оң әсер етуі керек", - деді Шұланов. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, мемлекеттік сатып алу сайтында Петропавлдағы Kozybayev University оқу орны 2,8 миллион теңгеге мейрамханаға барып келуді шешкені туралы хабар шыққан. 

8 ақпанда премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған республикалық комиссияның шешімімен Ерлан Шуланов Kozybayev University басқарма төрағасы - ректор қызметіне тағайындалған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram