13 қаңтар 2022 20:49

Пианинода ойнаған полиция қызметкері Қазнетті сүйсіндірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Пианинода ойнаған полиция қызметкерінің видеосы Қазнетте танымалдылыққа ие болып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пианинода ойнаған полиция қызметкерінің видеосы Қазнетте танымалдылыққа ие болып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Instagram-дағы Tipavlo парақшасында осындай видео жарияланды. Онда Павлодар облысы Шарбақты ауданы Криминалдық полициясының полиция майоры Ренат Сәдуақасов сауыт пен каскада отырып, Yiruma-ның "River Flows in You" атты композициясын орындағанын көруге болады.

Полиция қызметкерінің айтуынша, сол сәтте әріптестерінің көңіл күйін көтергісі келген. Видеоны 55 мыңнан аса желі қолданушысы көрген.

Реклама
Реклама

Пікір білдірушілер видеоны көргенде, көз жасына ерік бергенін мойындады. Кейбіреулер батыл, ержүрек полиция қызметкерлері қиын кезекшілік арасында таланттарын әсерлі түрде көрсеткенін жазған.

Видео кейіпкері бұл салада 2012 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Оның әкесі де полицияда қызмет еткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram