ПОДЕЛИТЬСЯ
01 мамыр 2021 | 10:12
Пневмония және коронавирус: тағы 37 адам қайтыс болды
Қазақстанда кейінгі тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмония мен коронавирустан бірден 37 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда кейінгі тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмония мен коронавирустан бірден 37 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
1 мамырдағы мәлімет бойынша, 42 510 адам коронавирус инфекциясынан (42 019 КВИ+ және 491 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 14 843 пациент стационарда, 27 677 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 769 адамның жағдайы ауыр;
• 184 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 125 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
29 сәуірдегі жағдай бойынша, тағы 31 адам коронавирустан қайтыс болды.
COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
2021 жылғы 29 сәуірдегі мәлімет бойынша 98 жаңа жағдай тіркелді, 7 жағдай өліммен аяқталған. 95 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап: науқастар саны - 52 942, өлім жағдайлары - 801, барлығы 51 650 адам сауығып шықты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также