Полицейлер Ақтауда жүргізушілердің ашуын келтірген пранкерлерді тапты

Ақтауда жол бойына отырып алып, жүргізушілердің ашуына тиген жасөспірімдердің кім екендерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ақтауда жол бойына отырып алып, жүргізушілердің ашуына тиген жасөспірімдердің кім екендерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Айта кетейік, әлеуметтік желіде видео пайда болды, онда жігіт пен қыз жолдан өтіп бара жатып, асфальтқа отыра қалады. Жүргізушілер жолдан кетуін талап етіп сигнал бергенін олар елемейді. 

Реклама
Реклама

Полицейлер оқиға орнына сол мезетте барған, алайда жас бұзақыларды таппаған. 

Видеоны зерттегеннен кейін, 5 қарашада кешкі уақытта кәмелетке толмаған жігіт пен қыздың кім екендері анықталды. 

"Олардың ата-аналары жауапқа тартылды. Оларға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ары қарай іс материалдары қалалық әкімдіктің кәмелетке толмағандар ісі бойынша комиссияға жіберіледі. Барлық жасөспірімдерге айтқымыз келеді: сіздердің "әзілдеріңізден" ата-аналарыңыз запдап шегеді. Сондай-ақ, бұл адам өміріне де қауіпті", - деді Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама