Полиция қылмыскерлерді ұстаудың орнына жүргізуші әйелдермен алысып әлек - қоғам белсендісі

Камила Долаева Журналист
©zarulim.com.ua

Қоғам белсенділері жол полициясы атқаратын қызметті патрульдік полицияға өткізуді тиімсіз деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бүгін Қоғамдық кеңесте қала белсенділері, үкіметтік емес ұйымдар мен қала тұрғындарының қатысуымен Алматыдағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тыңдалым өтті. 

"Полицияның кейбір функционалдық міндетін, олардың қаншалықты тиімді екенін қарастыру керек деп есептейміз. Аула, саябақ пен көшелерде тәртіпті қадағалайтын адамдар, қазір орталық көшелерде жолда джип айдаған әйелдерді ұстаумен әлек", - деді Алматы қаласы Қоғамдық кеңестің мүшесі Ерлан Смайлов.

Реклама
Реклама

Қоғамдық кеңестің мүшелері қалалық ішкі істер бөлімінің жұмысын жетілдіру бойынша тұрғындар жеткізген бірқатар нақты шаралар мен ұсыныстарды айтты.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама