Полиция жалған IELTS сертификаттары бойынша тергеудің қалай жүріп жатқанын айтты

Полиция жалған IELTS сертификаттары бойынша тергеудің қалай жүріп жатқанын айтты

Астана ?алалы? ІІД ?кілдері жал?ан IELTS сертификаттары бойынша тергеуді? ?алай ж?ргізіліп жат?анын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қалалық ІІД өкілдері жалған IELTS сертификаттары бойынша тергеудің қалай жүргізіліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, сотқа 27 қылмыстық іс жолданды. Оларға қатысты сот шешім қабылданып қойған.

"Астана қалалық ІІД Анықтау басқармасында халықаралық жалған сертификаттар бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. 27 қылмыстық іс сотқа жолданды, олар бойынша сот шешімі қабылданды. Қалған деректер бойынша тез арада процессуалдық шешім қабылданады. Астана қалалық ІІД басшылығы тергеу барысын бақылауға алды", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Реклама
Реклама

Мұның алдында оқудан шығарылған студенттер оқиғаның қалай болғанын айтып берген болатын.

Еске сала кетейік, осыған дейін "Астана" университетіне түсу үшін IELTS сертификатын "сатып алған" студенттердің оқудан шығарылғаны хабарланған еді. Білім және ғылым министрлігі жүргізген тексерістердің нәтижесінде базада тіркелмеген 117 сертификаттың бар екені анықталған.

Жалған сертификат сатып алған студенттің бәрі оқудан күзде шығарылуы тиіс болған. Бірақ соттың бұл шешімі уақтылы орындалмаған. Мұндай жағдайда медицина мамандарын даярлайтын оқу ордасы лицензиясынан айырылуы да мүмкін.

Кейін Қазақстанның білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев "Астана" медициналық университетінде шыққан шуға қатысты пікір білдірген еді. 

"Былтыр білім сапасын бақылайтын комитетіміз осы университетті тексерген болатын. Олар осы студенттерді сабақтан босату туралы бұйрық берді. Дегенмен бұл бұйрықтағы кейбір талаптар ғана орындалды. Студенттердің бір бөлігі сотқа шағымданды, өздерінің құқықтарын қорғап жатыр. Бірақ бұйрық қандай жағдай болсын орындалуы тиіс. Университеттің оларды оқудан шығарғаны дұрыс. Енді біз Денсаулық сақтау министрлігімен және университетпен біріге отырып, келісу комиссиясын ұйымдастырып, әрі қарай студенттердің және университет өкілдерінің құқықтарына қатысты мәселелерді қарастыруымыз керек", - деген еді Сағадиев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама