13 тамыз 2024 | 14:41

Полицей тұрғынға ор қазған

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Жоғарғы сот Бас прокуратураның наразылығынан кейін есірткі саудасы үшін сотталған қазақстандықты ақтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жоғарғы сот Бас прокуратураның наразылығынан кейін есірткі саудасы үшін сотталған қазақстандықты ақтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратура мәліметінше, сотталғанның қорғаушысы оның синтетикалық есірткі сатқанымен келіспей, арызданған.

"Ол өтінішхатында Жамбыл облысының полиция қызметкерлері тарапынан арандатушылық әрекеті жасалғаны туралы уәждер көрсеткен. Істі зерделей келе, полиция қызметкері бастапқыда сотталғанды синтетикалық есірткіні бірге қолдануға көндіргені, оның сеніміне кіріп, қызметкер синтетикалық заттарды сатып алуға ақша бергені анықталды, кейін ол әріптесімен бірге жедел-іздестіру және жасырын тергеу әрекеттерін (ЖТӘ) жүргізіп, сотталғандыпсихотроп затты сату барысында ұстаған. Қолжазба сараптамасына сәйкес ЖТӘ туралы бұйрықта тергеушінің қолы жалған екені анықталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Заң нормалары анық бұзылуына байланысты Бас Прокурор Жоғарғы Сотқа наразылық енгізген. Қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған сот полицейлердің әрекетін арандатушылық деп танып, сотталғанды ақтап, сот актілерінің күшін жойды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная