04 маусым 2024 | 16:08

Полицейлер Алматы облысында ұрланған көліктің ізіне түскен сәтті көрсетті

видео кадры

Алматы облысының полицейлері Toyota Camry көлігін ұрлады деген күдікпен ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының полицейлері Toyota Camry көлігін ұрлады деген күдікпен ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

28 мамырда Қарасай аудандық полиция басқармасына Жалпақсай ауылының 76 жастағы тұрғыны Toyota Camry көлігінің ұрланғаны туралы арызданған. Көлік түнде ұрланған.

"Сигнал алғаннан кейін полицейлер дереу іздестіру шараларына кірісті. Ұрланған автокөліктің ықтимал қозғалыс бағытын және күдіктінің жеке басын анықтау бойынша іс-шаралар өткізілді. Өңірдің барлық қызметтері мен көршілес департаменттерге автокөлікті және айдап әкету жағдайларын егжей-тегжейлі сипаттайтын бағдарлар жолданды", - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов.

Реклама
Реклама

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көлікті тауып, облыстағы тасжолдардың бірінде ұстады. Toyota Camry көлігін Қаскелең қаласының 27 жастағы тұрғыны тізгіндеген. Ұрлық дерегі бойынша соталды тергеу басталды. Ұсталған азаматтың облыстағы осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram