Полицейлер Алматыда 7 жастағы баланың зорланғаны туралы ақпаратты тексеріп жатыр

elements.envato.com

Құқық қорғау органдары Алматыдағы мектептердің бірінде 7 жастағы бала зорланды деген мәліметті тексеріп жатыр. Полиция қызметкерлері анасының оқушыға зорлық көрсетілді деген сөзінен кейін қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірінші сынып оқушысының жәбір көргені туралы ақпаратты анасы хабарлады. Әйел 7 жастағы балаға не болғанын егжей-тегжей сипаттап, видеоға түсіріп алған.

Алматы полиция департаменті қызметкерлерінің айтуынша, бұл дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.

Реклама
Реклама

"Істің объектив мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы бақылауда", - деді Алматы қалалық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.

Қылмыстық істі Бостандық ауданы әкімдігінің полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 121-бабы "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша тергеп жатыр. Қылмыстық-процестік кодексiнiң 201-бабының талабына сәйкес өзге де мәлiметтер жария етуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама