24 тамыз 2020 14:38

Полицейлер алматылық жүргізушілердің жиі бұзатын жол ережесін атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматы Полиция департаменті тұрғындар жиі бұзатын жолда жүру ережелерін атады, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Алматы Полиция департаменті тұрғындар жиі бұзатын жолда жүру ережелерін атады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың жеті айында жергілікті полиция қызметі басқармасы және Алматы ПД әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері 134 мың 206 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін анықтаған. Олардың ішінде жаяу жүргіншілер арасында - 5 мың 435, жүргізушілер арасында - 128 мың 771, оның ішінде мас күйде - 713.

Негізгі ереже бұзушылық түрлері:

  • төтенше жағдай жасау - 2 мың 695,
  • қарама-қарсы бағыттағы жолға шығу - 192,
  • қиылыстың өтуін бұзу - 9 мың 905,
  • жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережелерін бұзу - 1 мың 551,
  • мемлекеттік нөмірлік белгісіз көлік құралдарын басқару - 1 мың 326,
  • техникалық тексеру 774,
  • СО, СН, түтін шығару нормаларынан асып кету - 4 мың 087,
  • қауіпсіздік белбеуі - 5 мың 379,
  • ұялы телефон - 3 мың 495 және тағы басқалары.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети