ПОДЕЛИТЬСЯ
26 желтоқсан 2022 | 12:18
Полицейлер дүкендер мен базарларды аралап рейд жүргізеді
Полицейлер сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдардың стихиялық саудасын анықтау бойынша тексеріс жүргізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Полицейлер сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдардың стихиялық саудасын анықтау бойынша тексеріс жүргізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әміржан Байғышевтің айтуынша, "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасы ТЖД Азаматтық қорғау бөлімшелерімен бірлесіп, 2023 жылғы 25 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін өткізіледі.
"26 желтоқсандағы жағдай бойынша республика бойынша құрылған мобильді топтар базарларды, дүкендерді және басқа да сауда орындарын, сондай-ақ пиротехникалық бұйымдарды тасымалдаудың заңдылығын тексеру бойынша 400-ге жуық рейдтік іс-шаралар өткізді. Нәтижесінде пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатудың 75 дерегі анықталды. Құқықбұзушылардан 1850 данадан астам сертификатталмаған пиротехникалық өнім тәркіленді", - деді Байғышев ІІМ брифингінде.
Құқық қорғау органдары әлеуметтік желілерге де мониторинг жүргізеді. Мысалы, 13 желтоқсанда Астанада "2ГИС" қосымшасы арқылы жеткізіліммен пиротехникалық бұйымдарды сату туралы хабарландыру табылды, олардың еркін саудасына заңнамада тыйым салынған.
"Тексеру барысында сатушыдан 183 дана сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдар тәркіленді, 196-бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, (тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау-25 АЕК 76 575 теңге) айыппұл салынды.
25 желтоқсанда Астанадағы "Астықжан" СО маңында Д. есімді тұрғыннан 97 пиротехникалық өнім тәркіленіп, әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды", - деп толықтырды Байғошев.
Құқық қорғау органдары қазақстандықтарға пиротехникалық бұйымдарды пайдалану ережелерін сақтау қажеттігі туралы өтінішпен жүгінді. Пиротехника - бұл өрттің туындауына ғана емес, адам денсаулығына елеулі зиян келтіруі мүмкін қауіпті құрал екенін еске салады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также