ПОДЕЛИТЬСЯ
05 сәуір 2018 | 14:33
Полицейлер интернеттегі ең көп кездесетін алаяқтық түрлерін айтты
Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің криминалдық полиция басқармасы интернет-алаяқтықтан сақ болуға және алданып қалмау үшін не істеу керектігін айтты", - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің криминалдық полиция басқармасы интернет-алаяқтықтан сақ болуға және алданып қалмау үшін не істеу керектігін айтты", - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
"Белгілі интернет-сайттардағы сауда алаңдарын пайдалану арқылы алаяқтық қылмыстық фактілері жиі кездеседі, атап айтқанда kolesa.kz, adi.kz, olx.kz, dogovor24.kz және тағы басқалары. Алаяқтар Facebook, "ВКонтакте", Mail.ru, "Однакласники", сондай-ақ WhatsApp, Telegram, Instagram әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы әртүрлі тауарларды, өнімідерді және қызметтерді сатуға жарнама орналастырады. Бұл жағдайда, сандық көрсетілімі бар белгілі бір өнімді сатқанда, алаяқтар алдын ала Qiwi әмиянға, түрлі банктердегі шоттарға төлем аударуды талап етеді. Кейіннен шот иелері тексерілген кезде олардың өзге адамдардың атынан тіркелгені белгілі болады. Алдын ала төлемін алған алаяқтар құрбандарымен кез келген уақытта байланыста болады", - делінген ведомствоның Facebook желісіндегі ресми парақшасында.
Сонымен қатар, құқық қорғау органдары қызметкерлері қарапайым шараларды сақтау интернет алаяқтардың құрбаны болмауға мүмкіндік беретінін айтады.
"Расталмаған сату көздерін пайдаланбаңыз: Кез келген жағдайда, сіздің банк карталарыңызды және шоттарыңыздың мәліметтерін ешкімге бермеңіз, әсіресе Интернет арқылы байланысқан кезде; Интернетте, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы жасалатын күмәнді мәліметтерден бас тартыңыз; Интернет порталдар арқылы мүлікті сатып алу (сату) кезінде ешқашан алдын ала келісім жасамаңыз; Төлем жүйелерімен белгісіз тұлғаларға ақша аудармаңыз; автомобильдерді, басқа қалаға арналған қосалқы бөлшектерді сатып алғанда, достарыңыз бен таныстарыңызға айтып, сатушымен кездесуге және сатып алынған өнімді тексеруді өтініңіз", - деп ескертті полицейлер.
Сонымен қатар, ішкі істер департаменті азаматтарды қырағы болуға шақырады. "Егер де Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз алаяқтардан зардап шеккен болса, уақытында 102 байланыс телефонын нөміріне хабарласыңыз", - делінген хабарламада.
Показать комментарии
Читайте также