28 желтоқсан 2023 14:37

Полицейлер жүргізушілерге үндеу жасады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Полицейлер жолдағы жағдайға байланысты жүргізушілерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер жолдағы жағдайға байланысты жүргізушілерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысының Полиция департаменті өткен тәулікте екі мыңнан аса көлік құралын алып жүргенін хабарлады.

"Ауа райының нашарлауына байланысты Ақмола полицейлері түрлі бағыттағы автокөлік тізбегін алып жүрді және көлік құралдарының жүргізушілерімен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ауа райының нашарлауы кезінде 2019 автокөлік болған 13 тізбекті алып жүру ұйымдастырылды", - делінген Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Реклама
Реклама

Астана – Петропавл, Щучинск – Зеренді, Көкшетау – Рузаевка, Степногорск – Ақкөл, Астана – Ерейментау – Шідерті бағыттарында көліктерді бастап жүру арқылы қауіпсіз жерге шығарылған.

Полицейлер 28 желтоқсанда Ақмола облысында қар, бұрқасын, көктайғақ түріндегі қатты жауын-шашын күтілетінін ескертті.

"Осыған байланысты полицейлер барлық көлік иелеріне жылдамдықты сақтауды, қозғалыс бағыттарын реттеуді, тіпті ұзақ сапарлардан бас тартуды ұсынады. Төтенше жағдайға тап болсаңыз, 112 бірыңғай жедел жәрдем нөміріне немесе 102 арнайы телефонына хабарласыңыз. Жүргізушілер хабарламаларды назардан тыс қалдырмаңыз", - деп Ақмола облысының полицейлері көлік жүргізушілеріне үндеу жасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram