ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қаңтар 2022 | 17:37
Полицейлер Нұр-Сұлтанда анасы мен 5 айлық баласын неге ұстағанын түсіндірді
Нұр-Сұлтанда 4 қаңтарда "Астана концерт залы" аумағында бір топ адам рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырмақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда 4 қаңтарда "Астана концерт залы" аумағында бір топ адам рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырмақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
"Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полицейлер елорданың 30 жастағы тұрғыны мен оның 5 айлық баласын шағын автобуспен үйіне апарып тастады", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіндегілер.
Әлеуметтік желіде Ақтауда наразылық білдірушілерді қолдап, бір топ адам шыққаны түсірілген видео пайда болды. Видеолардың бірінде полицейлер бала отырған арбаны автобусқа алып бара жатқан сәті түсірілген.
Еске салайық, Жаңаөзен мен Ақтаудың мыңдаған тұрғыны жаңа жылдан кейін бағасы күрт шарықтап кеткен сұйытылған газ бағасын түсіруді талап етіп, көшеге шыққан болатын. Олар жолдарды жауып тастаған.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке тиісті тапсырма берді. Өңірдегі жанар-жағармай құю бекеттерінің қожайындары өз бастамасымен газ литрін 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін арзандату туралы шешім шығарған.
Комиссия Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен комиссия құрылған болатын. Бүгін үкіметтік комиссия мүшелері Маңғыстау мен Жаңаөзен белсенділерімен келіссөз жүргізген еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также