ПОДЕЛИТЬСЯ
13 мамыр 2020 | 15:10
Полицейлер саябақта йогамен айналысып жатқан астаналықты ұстап әкетпек болған
Нұр-Сұлтан тұрғыны полицейлердің оны және құрбысын қаладағы саябақтардың бірінде ұстап әкетпек болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтан тұрғыны полицейлердің оны және құрбысын қаладағы саябақтардың бірінде ұстап әкетпек болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астаналық қыздың айтуынша, ол 12 мамырда таңертен саябаққа йогамен айналысуға барған.
"Құрбымызбен таза ауада тыныш жерде Президент саябағының маңында йогамен айналысайын дедік. 30 минуттан соң бізге қарай патрульдік полицейлер келіп, карантин ережесін бұзғанымызды айтты. Олар бізге біраз уақыт қарап тұрды. Егер де расында да заң бұзған болсақ, неге олар ұзақ уақыт бойы бізге қарап қана тұрды?", - дейді Аима Бекішева.
Оның айтуынша, полицейлер аты-жөнін айтпай, куәлік көрсетуден бас тартқан.
"(...) Телефонымды тартып алып, суреттерім мен жеке хабарламаларымды қарай бастады. Қажет видеоларын таппаған соң телефонымды қайтарып, ештеңе айтпай, кетіп қалды", - дейді астаналық қыз.
Бекішеваның айтуынша, осы жағдайдан кейін полицейлер олардан осы видеоны әлеуметтік желілерде жарияламай, өшіруін сұраған.
Ал полиция департаментінің өкілдері осы жағдайға байланысты тексеріс жүріп жатқанын айтты.
Еске салайық, осыған дейін 11 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде төтенше жағдай режимі аяқталғанын мәлімдеп, сұлулық салондары, білім беру орталықтары және саябақтардың ашылатынын айтқан болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также