26 қаңтар 2023 17:46

Полицейлер із-түзсіз жоғалған 23 жастағы Петропавл тұрғынын тапты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері із-түзсіз жоғалған 23 жастағы Петропавл тұрғынын тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері із-түзсіз жоғалған 23 жастағы Петропавл тұрғынын тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Мамлютка ауданы орталығының із-түзсіз жоғалып кеткен 23 жастағы тұрғыны Алена Пяткова туралы хабар тараған. Қыздың туыстары оны өз бетімен іздеп көрген. 16 қаңтарда олар аудандық ішкі істер бөліміне арызданған.

"Қазіргі таңда Петропавл қаласының полицейлері із-түзсіз жоғалған азаматшаның мекенжайын анықтады. Одан жауап алынып, бұл туралы арызданушыларға хабарланды. Қалған мән-жайлар қазір анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram