26 қараша 2018 12:15

Полицейлерге халықпен видеотіркегішсіз жұмыс істеуге тыйым салынады

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов құқық қорғау органдарындағы жемқорлық деңгейіне қатысты пікір білдірді. ІІМ басшысы берген сұхбат "Хабар" телеарнасындағы "7 Күн" бағдарламасында көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Полицейлерге халықпен видеотіркегішсіз жұмыс істеуге тыйым саламыз", - деді Қасымов.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, сұхбат барысында ІІМ басшысынан құқық ішкі істер органдарындағы жемқорлықтың деңгейіне баға беру сұралды.

Реформадан кейін полицейлердің жалақысы қандай болады?

"Жемқорлық деңгейі шамамен орташадан жоғары. Бұл мәселемен айналысып жатырмыз. Министрдің блогы бар, портал жұмыс істеп тұр. Кез келген адам хабарласа алады. Полицейлер жасаған қылмыстың 53-54 пайызын біздің Өзіндік қауіпсіздік департаментіндегілер анықтап жатады. Яғни біз қылмыстарды өзіміз анықтап жатырмыз. Жемқорлықпен күресетін қызметтің жұмысын күшейтеміз. Қызметтерімізді электронды форматқа ауыстырамыз", - деді ішкі істер министрі.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram