03 мамыр 2023 | 13:54

Полиция Ақтаудағы үш баланың өліміне қатысты мәлімдеме жасады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Маңғыстау облысының полиция департаменті Ақтауда үш баласын өлтірді деген күдікке ілінген ер адамның "Жусан" бағдарламасымен Сириядан келгені туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысының полиция департаменті Ақтауда үш баласын өлтірді деген күдікке ілінген ер адамның "Жусан" бағдарламасымен Сириядан келгені туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Учаскелік полиция инспекторының биыл наурызда балаларын өлтірген Ақтау тұрғынына қатысты мәлімдемесі тексерілген. Полицей күдікті қазақстандықтарды Сириядан қайтару жөніндегі "Жусан" бағдарламасының қатысушысы болғанын және есепте тұрғанын айтқан еді.

Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіні анықталды. Сондықтан қызметкермен алдағы уақытта мұндай жағдайға жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда үш баласын өлтірді деген күдікпен олардың әкесі ұсталғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ, Ақтауда әкесі өлтірген үш баланың анасы жағаұстатар жайтқа пікір білдірді.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная