12 маусым 2023 10:16

Полиция алаяқтардың "ескі" айласы туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
polisia.kz

Алдын алу шараларының күшейтілуіне және ауыспалы абоненттік нөмірлерден жасалатын алаяқтық қоңыраулардың бұғатталуына байланысты киберқылмыскерлер ескі айла-амалдарына көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдын алу шараларының күшейтілуіне және ауыспалы абоненттік нөмірлерден жасалатын алаяқтық қоңыраулардың бұғатталуына байланысты киберқылмыскерлер ескі айла-амалдарына көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Соңғы кезде егде жастағы адамдарға қатысты жасалатын алаяқтық деректер жиілеп кетті. Алаяқтар үй телефондарына хабарласып, өздерін сол кісілердің жақын туыстары ретінде таныстырып, жол апатына түскендерін айтып, мәселені шешу үшін ақша сұрайды.

Одан кейін телефонды полиция қызметкеріне бергендей болады. Ал олар өз кезегінде қарт адамдардың сенгіштігін пайдаланып, жинаған қаражатын жол-көлік оқиғасында зардап шеккен адамға беруге немесе жақынын қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін жұмсауға көндіреді. Жәбірленушілер ақшаны беруге келіскеннен кейін оларға қарай курьерді жібереді.

Осыған байланысты азаматтарды, әсіресе қарт адамдарды мұқият болуға және бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырамыз! Егде жастағы туыстарыңызға алаяқтықтың осы түрі туралы ескертіңіздер. Мұндай қоңыраулар түскен кезде телефонмен сөйлесуді тоқтатып, келіп түскен ақпаратты тексеру үшін аталған туыстармен байланысу қажет. Ақпарат расталмаған жағдайда "102" нөмірі арқылы полицияға дереу хабарласыңыздар", – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің басқарма бастығы Марат Төлеуханов.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram