Полиция Алматы маңында ер адамды соққыға жыққан үш адамды іздестіріп жатыр

видео кадры

Талғар ауданындағы тұрғын үй кешені маңында жігітті қатыгездікпен соққыға жыққан сәт бейнежазбаға түсіп қалды. Полиция күдіктілерді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талғар ауданындағы тұрғын үй кешені маңында жігітті қатыгездікпен соққыға жыққан сәт бейнежазбаға түсіп қалды. Полиция күдіктілерді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода үш адамның жерде жатқан адамды ұрып-соғып жатқаны көрінеді. Жігіт тұруға тырысқанымен, соққыдан қайта құлайды. Олар жәбірленушінің басынан жұдырықпен және аяқпен ұрады.

Алматы облыстық Полиция департаменті мәліметінше, бұл оқиға 27 сәуірде Бесағаш ауылында болған.

Реклама
Реклама

"Полицияға азаматтардан ешқандай арыз-шағым түспеген. Қоғамдық тәртіпті бұзу дерегі әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында анықталды. Көше төбелесіне қатысы бар барлық адамды анықтау және ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Қатысы бар азаматтардың барлығы заң талаптарына сәйкес қатаң жауапқа тартылады", – деді полиция өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама