Полиция Алматы облысында қаза тапқан қызметкердің әйелі мен ұлын ұстады

Полиция Алматы облысында қаза тапқан қызметкердің әйелі мен ұлын ұстады Фото:gov.kz

Алматы облысында полицейдің өлімі тергеліп жатыр. Оның өртелген сүйегі Кеген ауданының таулы жерінен табылды. Қылмыс жасады деген күдікпен полиция оның әйелі мен ұлын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы облысында полицейдің өлімі тергеліп жатыр. Оның өртелген сүйегі Кеген ауданының таулы жерінен табылды. Қылмыс жасады деген күдікпен полиция оның әйелі мен ұлын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

БАҚ мәліметінше, Кеген ауданында полицейдің өртелген сүйегін жергілікті шопан тауып алған. Медиа деректеріне сәйкес, қаза тапқан адам Алматы полицейі болып шықты. Әлеуметтік желілерде оқиға орнында түсірілген видео тарады.

Ескерту: Назар аударыңыз! Видеоны 18 жасқа толмағандарға және тым сезімтал адамдарға көруге кеңес берілмейді.
Жарнама
Жарнама

Алматы облыстық Полиция департаменті ер адамның құқық қорғау органы қызметкері болғанын растады. Алайда оның Алматыда немесе өңірде жұмыс істегені туралы хабарланбады.

"Кеген ауданында ер адамның өртелген денесінің табылуы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 23 маусымда полицияға таулы аймақтан мәйіт табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы бірден шықты. Қаза тапқан адамның кім екені анықталды. Оның полиция қызметкері болғаны расталды", – деп хабарлады ПД.

Жедел іс-шаралар барысында полиция күдіктілерді ұстаған, олардың арасында марқұмның әйелі мен ұлы бар.

"Олардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр", – деп толықтырды полицияның баспасөз қызметі.

Тергеу мүддесіне байланысты істің басқа мәліметтері жарияланбайды.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама