Полиция Алматы тұрғындарына пәтерлерді аралау туралы ескертті

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Алматы қаласында 17-25 сәуірде тіркелген атыс қаруын қолданумен байланысты қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге, сондай-ақ қару иелері арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған "Мерген" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы полициясы барлық қару иелерін өздерінің құқықтық мәртебесіне жауапкершілікпен қарауға және басқалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады.

"Азаматтық қару - бұл асқан қауіптің көзі болып табылады. Сондықтан оның иелері Заң талаптарын қатаң сақтауы өте маңызды: рұқсаттарды уақытылы жаңартып, сақтау және тасымалдау ережелерін сақтауы маңызды", - деп хабарлады, Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Реклама
Реклама

Осы күндері біздің қызметкерлер қаруды сақтау жағдайларын тексеріп, профилактикалық тексерулер жүргізіп, сондай-ақ тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Мұндай іс-шаралар тәуекелдерді азайтуға және қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті нығайтуға баса назар аудара отырып, жүйелі түрде өткізілетін болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама