ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қазан 2021 | 10:04
Полиция басшысы Нұр-Сұлтандағы SOS дабыл түймесіне қатысты шуға жауап берді
Нұр-Сұлтан полиция бөлімінің бастығы Ержан Сәденов Facebook-те "Хабар 24" телеарнасының журналисі елордада орнатылған SOS дабыл түймелерін тексерген оқиғаға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтан полиция бөлімінің бастығы Ержан Сәденов Facebook-те "Хабар 24" телеарнасының журналисі елордада орнатылған SOS дабыл түймелерін тексерген оқиғаға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Телеарна журналисі Асхат Ниязов "Керуен" сауда орталығының жанына орнатылған жедел қоңырау шалу құрылғысы арқылы полицияға хабарласпақ болған.
"Біз түймені басып шамамен 20 минут тұрдық, ешкім келмеді. Бұл жұмыс істемейді", - деді журналист.
Ержан Сәденовтың айтуынша, SOS түймелері елордада 1 қарашадан бастап жұмыс істей бастайды.
"Қазір орнату жұмыстары жүргізіліп, тексерістен өтіп жатыр", - деп жазды полиция басшысы.
Сәденов полициямен шұғыл байланыс орнату үшін терминалдар орнатылатын демалыс және көпшілік орындарды атады:
1. Есіл өзенінің жағалауындағы "Кенесары хан" ескерткіші жанында;
2. Орталық қалалық саябаққа кіре берісте;
3. "Атырау көпірі" алдында;
4. "Керуен" СОО ауданындағы "Нұржол" желекжолында;
5. "Қазмедиа орталығы" ауданындағы "Нұржол" желекжолында;
6. Қорғалжын тас жолындағы "Керуен сити" СОО жанында;
7. "Шапағат" жабық базарының жанында;
8. Ш.Уәлиханов көшесіндегі "Тұлпар" сауда үйінің жанында;
9. Әл-Фараби даңғылы мен Досмұхамедұлы көшесінің қиылысында;
10. Ш.Уәлиханов - Бараев көшелерінің қиылысына жақын жерде;
11. Қарасай батыр көшесі бойындағы "Арман" сауда үйінің айналасында;
12. Абылай хан даңғылындағы "Встреча" сауда үйінің жанында;
13. Гете көшесіндегі теміржол вокзалының айналасында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также