ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қараша 2018 | 17:49
Полиция басшысының қызы Ескендір Сүлейменовтің өлімі үшін 2 жылға сотталуы мүмкін
Астананың Есіл аудандық № 2 сотында Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апатына қатысты сот тыңдауы өтті. Айыптаушы тарап сотталушыны екі жылға соттап, жазасын минимал қауіпсіздік мекемесінде өтеуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астананың Есіл аудандық № 2 сотында Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апатына қатысты сот тыңдауы өтті. Айыптаушы тарап сотталушыны екі жылға соттап, жазасын минимал қауіпсіздік мекемесінде өтеуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мұхитова Малика Қайратқызын ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") айыпты деп танып, 2 жылға бас бостандығынан айырып, 3 жыл бойы көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруды сұраймын. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің минимал қауіпсіздік мекемесінде өтесін", - деп сұрады прокурор Әлішер Бараев.
Малика Мұхитова мен оның адвокаты Дмитрий Куряченко
"Сотталушы өз кінәсін мойындады, әрекетіне өкініп жатыр. Ол келтірілген шығынды өтеуге дайын екенін де айтты", - деді судьяға Мұхитованың адвокаты Дмитрий Куряченко.
Прокурор Алишер Бараев
Еске сала кетейік, Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апаты Астанада 2018 жылдың 22 маусымында Мәңгілік ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылдарының қиылысында болған еді. Кейін полиция тергеу жұмыстары жайлы айтып берген болатын.
Сот алдына 29 жастағы Малика Мұхитова келді. Сотталушы Мұхитованың "Самрұк-Қазына" АҚ-та жұмыс істейтіні болды.
"Олжас Сүлейменовтің немересін қағып кеткен қыздың әкесі Қызылорда облыстық ІІД басшысы болып жұмыс істейді: Мұхитов Қайрат Болатұлы. (...) Жүргізуші Мұхитованың тарапынан мынандай әрекет - ол солға бұрылған кезде жол қозғалысы туралы ереженің 13.5 пунктін бұзғаны анықталды. Мұхитова Алматы көшесінен Мәңгілік ел даңғылына бара жатып, Керей Жәнібек хандарының көшесіне келгенде солға бұрылды. Бұл жерде ол мотоциклшіге жол беруі тиіс болатын", - деп хабарлаған еді осыған дейін Астана қалалық ІІД басшысының орынбасары Санжар Әділов.
Олжас Сүлейменовтің қаза тапқан немересінің қалыңдығы: "Жазда үйленеміз деп едік"
Показать комментарии
Читайте также