Полиция бүкіл Қазақстан бойынша күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Полиция бүкіл Қазақстан бойынша күшейтілген жұмыс режиміне көшті Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өткізілуіне орай Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бүкіл ел бойынша қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық іс-шараның Астанада өтетінін ескере отырып, елордаға ерекше назар аударылды. 3 қыркүйекте мұнда қызметке кірісетін кешенді күштердің жалпы гарнизондық жиыны болды.

"ІІМ басшылығы жеке құрамның қойылған міндеттерді орындауға дайындығын тексерді. Қызметкерлер құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтауға, сондай-ақ азаматтармен өзара іс-қимыл жасау кезінде сыпайылық танытуға бағдарланған.

ІІМ елорда тұрғындары мен қонақтарын заңды сақтауға, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырады", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама