Полиция экс-министрдің “ұсталғаны“ туралы ақпаратты тексеруді бастады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа қатысты жалған мәліметтерді тарату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа қатысты жалған мәліметтерді тарату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен бірқатар Telegram-арналарда бұрынғы қорғаныс министрі ұсталды деген ақпарат тараған болатын. Алайда ІІМ баспасөз қызметі бұл мәліметтерді жоққа шығарып, тергеу басталғанын хабарлады.

"Сұранымда көрсетілген тұлғаның ұсталғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында қасақана жалған ақпарат тарату дерегі бойынша Астана Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігі – бұқаралық ақпарат құралдары немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін ҰҚК Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына жауап ретінде бұрынғы қорғаныс министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілмегенін мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама