08 қараша 2021 | 14:39

Полиция жұмысында бұрынғыдай олқылықтар жоқ - Тұрғымбаев

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев "қазақстандық полицияға сенесіз бе" деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев "қазақстандық полицияға сенесіз бе" деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен сенемін. Қазір полиция қызметкерлері қалай жұмыс істейтінін өзіңіз де көріп отырсыз. Қазір полиция жұмысында бұрынғыдай олқылықтар жоқ. Менің ойымша, әрине, әлі істейтін көп нәрсе бар. Бұл реформаның арқасында бәрі жақсы болып кетеді деп айта алмаймын, бірақ жұмысты бастадық", - деді министр Мәжілісте журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Еске салайық, Қазақстанның Ішкі істер министрлігі полицияның қызметтік үлгісіне көшіп жатыр. Оның басты қағидаларының бірі – "Полиция халыққа жақын болуы керек". Жергілікті полиция қызметі де реформаланады, учаскелік полиция инспекторының өкілеттігі кеңейтілген.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram