ПОДЕЛИТЬСЯ
02 ақпан 2024 | 12:27
Полиция кәмелетке толмаған ақтөбелік қызды іздестіріп жатыр
Ақтөбе полицейлері кәмелетке толмаған қыды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтөбе полицейлері кәмелетке толмаған қыды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті 2007 жылы туған кәмелетке толмаған Ракип Еңлік Дәулетиярқызын іздеп жатыр. Ол 1 ақпанда үйінен шығып кетіп, осы уақытқа дейін қайтып оралмаған.
"Белгілері: бойы шамамен 160-165 сантиметр, дене бітімі - арық, шашы - ұзын қара. Киімі: қоңыр түсті қысқа куртка, ақ-сұр түсті жолақты шалбар, ақ етік. Ерекше белгілері жоқ", - делінген хабрламада.
Ақпарат білетін адамдар болса, 102 немесе 8776-546-66-66 телефондары арқылы хабарлау сұралады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также