12 қыркүйек 2020 18:46

Полиция Қарағанды - Нұр-Сұлтан жолында қарсы бағытта қозғалған Toyota жүргізушісін ұстады

Видеодан алынған кадр

Қарағанды - Нұр-Сұлтан жолында қарсы жолақпен қозғалған тағы бір көлік жүргізушісі видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды - Нұр-Сұлтан жолында қарсы жолақпен қозғалған тағы бір көлік жүргізушісі видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Желіде 11 қыркүйекте жарияланған. Кадрларда Toyota жүргізушісі көліктерге қарамастан, үлкен жылдамдықпен қарсы бағытта қозғалып келеді. Ол қарама-қарсы автокөлікке соғылуы әбден мүмкін еді. Желі қолданушылары оның әрекеттерін қатты сынға алып, жүргізуші куәлігінен айыруды талап етті.

Реклама
Реклама

Қарағанды облысының полицейлері жолда жүру ережесін бұзған жүргізушіні анықтады.

"11 қыркүйекте әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Қарағанды - Нұр-Сұлтан жолында Toyota автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолақпен келе жатқаны түскен видео табылды. Қарағанды облысының патрульдік полиция батальонының жасағы 24 жастағы жүргізушіні анықтады. Тәртіп бұзушыға қатысты ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі "Қарсы қозғалысқа арналған жолдың жүру бөлігіне шығу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Материал әкімшілік сотқа жіберілді. Осы баптың санкциясында алты ай мерзімге жүргізуші куәлігінен айыру жазасы көзделген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram